Астанада алаяқтардың құрбаны болғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада алаяқтардың құрбаны болғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана ІІД тергеу басқармасы алаяқтық бойынша қылмыстық істі тергеп жатқандарын мәлімдеді.
"Күдіктілер мемлекеттік бағдарлама бойынша Астанадан жеделдетілген түрде пәтер алып беру қызметін көрсетіп, құжаттарды қолдан жасап, заңсыз түрде Астана қаласының аумағында тұрғын үй кешендерінің пәтерлеріне азаматтарды қоныстандырып отырған. Осылайша олар айтарлықтай материалдық мөлшерде залал келтірген. Осы қылмысқа күдікті ретінде 28.02.1973 жылғы Гүлбарам Тарихқызы өтіп жатыр", - деді полиция өкілдері.
Егер сіз аталған азаматшаға алданып қалған болсаңыз мына нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: 71-63-41, 71-63-63, 8-702-333-43-30.