Астанада күйеуінен асқан қатыгездікпен құтылған әйелге қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандандырылған ауданаралық сотында Астана тұрғынына өз күйеуін өлтірді деген айып бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр.
Астанада күйеуінен асқан қатыгездікпен құтылған әйелге қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандандырылған ауданаралық сотында Астана тұрғынына өз күйеуін өлтірді деген айып бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр.
Прокурор Бауыржан Исабековтың хабарлауынша, айыпты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігінде көрсетілген ("Адам өлтіру") қылмысты жасаған.
Еске сала кетейік, оқиға наурыз айында болған еді. Бұған дейін елордадағы "Алматы" аудандық прокуратурасы ер адамның өлімі туралы қылмыстық істің бақылауға алынғанын хабарлаған болатын. Кейін наурыз айында әйелдің өз күйеуінің үйден шығып кетіп, оралмағанын айтып шағымданғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жоғалып кетті делінген ер адамды өлтірді деген күдікпен 48 жастағы әйел қамауға алынды. Тергеу кезінде ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, төбелес болғаны анықталды. "Алматы" аудандық прокуратурасының мәліметінше, әйел төбелес кезінде күйеуін тұншықтырып өлтіріп, келесі күні оның денесінен құтылмақ болады.
"Әйел пәтерден мәйітті алып шығудың қиын екенін түсінген, үйдің кіреберісінде күндіз-түні түсіретін видеобақылау болған, айыпталушы мәйітті бөлшектеп, жол сөмкесіне салуды ұйғарады. Ол ас үй балтасымен мәйіттің басын кесіп алып, бұдан кейін оның кім екенін анықтау қиын болу үшін қайнатқан. Одан соң әйел дене бөлшектерін сөмкеге салып, Астрахан тасжолындағы молаға апарып, күйеуінің шешесін жерленген тұсқа көмді", - деді "Алматы" аудандық прокуратураның тергеу бөлімінің басшысы Арсен Бегалин.
Сонымен қатар, күдікті әйелдің өз күйеуін өлтіргенін мойындап, кейін өзінің берген жауабынан бас тартқаны белгілі болды. Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты судьясының қаулысына сәйкес, 48 жастағы әйел қамауға алынған еді. Оған қатысты психологиялық-психиатрлық сараптама белгіленіп, бұдан кейін іс сотқа жіберілді.