Астана түбінде 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана түбінде 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты алты жасар қызды зорламақ болды делінген ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Сот төрағасы Әділхан Шайхисламов істі қарап, 48 жастағы Рамай Хафизовқа қатысты үкім шығарды. 

Астана түбінде 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

"Сот Хафизов Рамай Райысұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі мен 24-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деп танып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындайды. Сонымен қатар, ол педагогикалық немесе кәмелетке толмағандармен байланысты қызметке келуге өмір бойына шектелсін", - деп оқыды үкімді судья.

Сонымен бірге, судья оны мәжбүрлі түрде ішімдікке тәуелділіктен емдеу туралы қаулы шығарды. Сотталған ер адам Ақмола облысында тракторшы болып жұмыс істегені белгілі болды, ол Астанада тұрып келген.

Сот отырысы алқа билердің қатысуымен өтті. 

Отырыстан кейін сотталушының адвокаты Хафизовтың сот шешімімен келіспейтінін және үкімнің үстінен шағым түсіруге ниетті екенін мәлімдеді. "Сот талқылауында ол кінәні мойындамады және ақтап шығаруды сұраған", - дед адвокат Сабина Шәпенова.

Алты жасар қызды зорламақ болды деген күдікті 10 мамырда қамауға алынған еді. Ер адамды полицейлерге кішкентай қызды зорлағалы жатқан жерінен тоқтатқан жұмысшылар тобы ұстап берді. 

Еске салайық, мамыр айының басында WhatsApp мессенджерінде бір топ адамның жартылай жалаңаш ер адамды соққыға жығып, оны педофил деп атағаны түсірілген видео пайда болған еді. Видео сипаттамасында оқиғаның жаңа вокзал маңында болғаны айтылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети