Астана тұрғыны 2 айлық қызын ұрып-соққаны үшін 6,5 жылға сотталған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астана тұрғыны екі айлық қызын ұрып-соққаны үшін 6,5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда сотында жантүршігерлік жайттар айтылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана тұрғыны екі айлық қызын ұрып-соққаны үшін 6,5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда сотында жантүршігерлік жайттар айтылды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғынына қатысты үкім шығарды. Ол "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша 6,5 жылға сотталып, сот маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындаған.

"Сот сотталушыны 2022 жылдың 2 шілдесінде мас күйінде екі айлық қызының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды. Апелляциялық тәртіпте іс сотталғанның және кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің (анасының) өтініштері бойынша қаралды, олар жазаны жеңілдетуді және сотталғанды ​​бас бостандығынан айырмауды сұрады. Істі жоғары тұрған орган апелляциялық талаптар шегінде қарады, сотталушыға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде ер адамның кінәсі сотталған адамның айғақтары, жәбірленушінің заңды өкілі, куәгерлердің айғақтары, сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық дәлелденгені хабарланады.

Сотталушы ішімдікке салынғандықтан, емделуге мұқтаж.

"Бұған дейін ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде әйелін ұрып-соққаны үшін де. Ол қылмысты мас күйінде жасаған, сот оны қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай деп таныған. Үкім заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro