20 қазан 2014 | 15:32

Астана тұрғыны телефон терроризмі үшін екі қайтара ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Есентай Молл" сауда орталығы ©Scglondon.ru Алматыдағы "Есентай Молл" сауда орталығы ©Scglondon.ru

Алматыда телефон терроризмімен айналысқан Астананың 24 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда телефон терроризмімен айналысқан Астананың 24 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қазан күні түнде қалалық жедел қызметке Esentai Mall сауда ойын-сауық кешенінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Ақпарат жалған болып шықты. Алматы қалалық ішкі істер департаментінде жедел тергеу тобы құрылды. Бірнеше сағат өткен соң полицейлер телефон террорисін анықтады, оны ұстап, кейін тұтқынға алды. Астана қаласының 24 жастағы тұрғынының бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны анықталды. 2009 жылы ол телефон терроризмімен айналысқаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Кейін полиция өкілі хабарлағандай, статистикаға сәйкес, жалған хабарламалардың көбі кәмелетке толмағандардан, алкогольден немесе нашадан мастанғандардан, сонымен қатар жүйке аруларына шалдыққандардан келіп түседі. Сонымен бірге, телефон терроризмімен ұшаққа кешігіп қалған, я болмаса кәсібінде өз бәсекелесіне өшіккен бизнесмендер де ұсталған. Айта кетейік, терроризм актісі туралы жалған хабар тарату қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық көлікке қарсы қылмысқа жатады. Оның жазасы ретінде 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети