Астана тұрғыны “тиімді ұсынысқа“ келісемін деп 20 миллион теңгесінен айырылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны “тиімді ұсынысқа“ келісемін деп 20 миллион теңгесінен айырылып қалған Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Астана тұрғыны "тиімді ұсынысқа" келісемін деп, депозитіндегі 20 миллион теңгесінен айырылып қалды. Оқиғаның мән-жайын қалалық прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астана тұрғыны "тиімді ұсынысқа" келісемін деп, депозитіндегі 20 миллион теңгесінен айырылып қалды. Оқиғаның мән-жайын қалалық прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қадағалау органы мәліметінше, былтыр Астана тұрғынына өзін ұлттық байланыс операторының қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адам қоңырау шалған. Ол қосымша телеарналарды қосуға 30 пайыздық жеңілдік жүріп жатқанын айтқан. Сөйлесу барысында қаскөй ер адамды бірқатар әрекетті орындауға көндіріп, оның смартфонына қашықтан қол жеткізген. Осыдан кейін жәбірленушінің депозитінен 20 миллион теңге ұрланған.

Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Азаматқа келтірілген шығын аса ірі көлемде деп танылған.

Астана прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, телефон арқылы бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, сондай-ақ құпия кодтарды, банк карталарының деректемелері мен жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 462.99   539.67   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети