28 қаңтар 2016 14:36

Астана тұрғыны видеоны Интернетке саламын деп қорқытып, мейрамханалардан ақша бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны видеоны интернетке саламын деп қорқытып, мейрамханалардан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордадағы ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Астана тұрғыны видеоны интернетке саламын деп қорқытып, мейрамханалардан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордадағы ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

Астана қалалық ішкі істер департаментіне ЖШС-лардың бірінен арыз келіп түскен. 

"15 қаңтарда елордадағы серіктестіктің филиалына ер адам хабарласып, аты-жөнін атап, осы ЖШС-ның Қарағандыдағы мейрамханалар жүйесінің бірінде түскі ас ішіп отырып, тамақта артық заттың табылғанын мәлімдеген. Видеоны Интернетке жүктеймін деп қорқытып, ол бес мың доллар көлемінде қаражат жымқырған", - деп хабарлады департаменттегілер.

ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері аталған соманы беру сәтінде 23 жастағы астаналықты ұстаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІД тергеу басқармасында 194-баптың 3-бөлігі - "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Астана қалалық ІІД өкілдері бұл қылмыс түрі бойынша заңнамада мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасының қарастырылғанын атап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети