Астана велосипедшілеріне жылдамдық асырғаны үшін айыппұл салынып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана велосипедшілеріне жылдамдық асырғаны үшін айыппұл салынып жатыр ©akost86.livejournal.com

Астана велосипедшілеріне саябақ аймағында жылдамдық асырғаны үшін айыппұл салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтындағы "Халықтық бақылау" айдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана велосипедшілеріне саябақ аймағында жылдамдық асырғаны үшін айыппұл салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтындағы "Халықтық бақылау" айдарына сілтеме жасап.

"Қалалық саябақтың орталық аллеясында балаларымен бірге серуендеп жүрген қалалықтардың арасында өте жылдам жүретін велосипедшілерге шара қолдануды сұраймын. Сонымен қатар, олардың жылдам жүруінен бөлек, зор дауысты дабылдары бар, одан балалар ғана емес, ересектер де шошып қалады", - деп жазды азамат қалалық сайтқа.

Бір апта өткеннен кейін Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан жауап хаты пайда болды.

"Айтылған орында алдын алу шарасы өтті, оның қорытындысында Есіл аудандық №13 бөліміне 5 адам жеткізілді. Барлығы ҚР ІІМ базасында бар мәліметтер бойынша тексерілді. ҚР Әкімшілік заңнамасына сәйкес, заң бұзған тұлғалар 615-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 5 АЕК (9910 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Заңбұзушылармен алдын алу әңгімелесу түріндегі шара жүргізілді", - делінген әкімшілік полиция басқармасының хатында. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети