23 ақпан 2015 12:42

Астана вокзалында 23 жастағы қыз жалған ақшамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астана вокзалында бір қыз 134 мың теңге жалған ақшамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 


Астана вокзалында бір қыз 134 мың теңге жалған ақшамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

"4 ақпанда Астана қаласы теміржол вокзалының желілік полиция бөлімі мен Көліктегі ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп теміржол вокзалында номиналы 2 мың теңгелік 64 купюраны, сонымен қатар, 1 мың теңгелік 6 дана жалпы сомасы 134 мың теңге жалған купюраны тәркіледі", - делінген баспасөз релизінде.

Тексеріс барысында купюраларда белгіленген стандарттарға сәйкес белгілердің жоқ екені анықталды. "Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген купюралардың ҚР Ұлттық банкінің ақша белгілерінің үлгісіне сәйкес келмейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, олардың принтердің көмегімен жасалғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 1-бөлігі ("Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Материал одан әрі тергеу шараларын жүргізу үшін Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети