"Астана-Зеленстрой" бас директоры пара алғанын мойындады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәлі 9 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол өз кінәсін толық мойындаған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәлі 9 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол өз кінәсін толық мойындаған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәліге қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Наурызәлі биыл 2 қыркүйекте "Табиғат НС Сервис" ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктенеді", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады.

Реклама
Реклама

"Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная