12 ақпан 2015 10:00

Астанада 1 келіден асатын героин тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Астана ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері салмағы 1 келіден асатын героинді тәркіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері салмағы 1 келіден асатын героинді тәркіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана аумағында есірткі таратумен айналысатын екі адам ұсталды. Олардың бірі - 29 жастағы әйел, екіншісі - бұрын сотталған 28 жастағы ер адам. Ұсталғандар еш жерде жұмыс істемейді.

"Олардың бұрын тұрған пәтерін тінткен кезде салмағы 1 келіден асатын героин есірткі заты табылып, тәркіленді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, тәркіленген героин 3000-нан астам бір реттік дозадан тұрады", - делінген Астана ІІД баспасөз хабарламасында. 

Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл дерекпен Астана ІІД тергеу басқармасы айналысып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети