22 маусым 2015 | 10:39

Астанада 15 адамды алдаған автоалаяқтарға іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті Артем. © Астана ІІД баспасөз қызметі Күдікті Артем. © Астана ІІД баспасөз қызметі

Автомобиль алаяқтары Астанада 15 адамды алдап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Автомобиль алаяқтары Астанада 15 адамды алдап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана полициясы тұрғындарға арзан көлік әкеп беруге уәде еткен бірнеше адамға іздеу жариялады.

"Сенімдеріне кіру арқылы олар 13 адамнан 30 миллион теңгеге жуық ақша алып, қашып кеткен. Қазір жәбірленушілерден шағым түсіп жатыр (кезекшілік уақытында Астана мен Көкшетаудың екі азаматынан 5 миллион теңгеге шағым түсті)", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

ІІД хабарлауынша, осы жылдың наурызынан бастап мусымға дейін өздерін "Costa Arona" ЖШС қызметкерлеріміз деп таныстырған олар тұрғындарға Еуропадан арзан автомобиль әкеп беруге уәде еткен. Бұл үшін олар жалған келісімшартқа отырған.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ірі көлемдегі алаяқтық үшін қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Артем есімді күдікті

Камиль есімді күдікті

Күдікті Илья Телешев.

"Егер сіз алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан адамдар туралы ақпарат білсеңіз немесе олардың құрбаны болсаңыз Астана ІІД телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: (7172)71-63-34, 71-60-58, ұялы телефон: 87024022908, немесе "102", - делінген Астана ІІД таратқан хабарламада.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети