Астанада "Есіл" аудандық ІІБ тергеу бөлімі 27 жастағы Дәурен Пернебаевқа қатысты "алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таныстығын медеу етіп, ол таныс қызынан 20 миллион теңгені алып, пайызымен қайтарып беремін деп ізім-ғайып жоқ болып кеткен. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды.
Дәурен Пернебаевтың алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: (7172) 79-05-61, ұялы тел. 8-708-110-79-37 немесе 102.