18 тамыз 2015 | 13:10

Астанада 200-ге жуық жезөкше есепке алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gyve31a.ws.gy © gyve31a.ws.gy

Астанада 200-ге жуық жезөкше есепке алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 200-ге жуық жезөкше есепке алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда полицейлерінің қоғамдық орындарда қызметін таңып ұсынатындардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны хабарланып отыр. Мұнда мәселе секс қызмет жайында болып отыр. 

"Жыл басынан бері 2 мың әкімшілік жауапкершілік анықталды, оның сексуалдық мәндегі қызметтері 100-ден асады. 26 тұлғаға қатысты, оның ішінде шетел азаматтарына әкімшілік қамауға алу түріндегі шара қолданылды", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға пәтер ұсыну бойынша 20 дерек анықталды. Материалдар сотта қаралып, шамамен 4 миллион теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

Еске салайық, таяуда ғана Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков вокзал маңындағы жеңгетайлар мен "түнгі көбелектердің" жолын кесуді талап еткен болатын. "Мысалы, "Вечерняя Астана" газетінің сенбілік нөмірінде тілші өзге қаладан келген адам ретінде көрініп, вокзал аумағындағы өмірдің барлық қыр-сырын ашып берген. Бұл кеше ғана орын алған жағдай емес. Ішкі істер департаментінен вокзал аумағын тазарту бойынша шара қабылдауды талап етемін", - деді әкім. Қала басшысының айтуынша, ПИК тұрғындармен тікелей байланыста болып, әрбір шағым мен өтінішке дер кезінде жауап қатулары керек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети