25 сәуір 2015 | 21:07

Астанада 24 жастағы жігітті ұрып-соқты делінген кәсіпкер екі айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Berdsk-online.ru @Berdsk-online.ru

Астанада 24 жастағы жігітті ұрып-соқты делінген кәсіпкер екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 24 жастағы жігітті ұрып-соқты делінген кәсіпкер екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған.

Астана қалалық ІІД азамат Жұмағұловтың арызы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Ведомствоның баспасөз қызметі қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін делінген азамат Жамалиевтің тұтқындалып, оның уақытша тергеу изоляторында отырғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Tengrinews.kz тілшісі сот залынан қылмыстық іске қатысы бар делінген күдікті Жамалиевке судья Айбек Әмірғалиевтің тергеу амалдары толық аяқталғанша екі ай мерзімде қамауда ұстау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. "Сот істі тергеу барысында айыпталушы Жамалиевтің соттан жасырынуы мүмкін екенін ескеріп, оны екі ай мерзімде қамауда ұстау санкциясын қабылдады", - деді судья Айбек Әмірғалиев соттың шығарған қаулысын хабарлай отырып.

Сонымен қатар, айыпталушының қорғаушысы өз тарапынан Жамалиевтің кәмелеттік жасқа толмаған бес баласы мен қарт анасы барын, әйелінің жұмыссыздығын, одан басқа отбасы асыраушысы жоғын ескертіп, соттан айыпталушыны тергеу амалдары аяқталғанша үй қамақта ұстау шешімін шығаруын сұрады. Дегенмен, судья қорғаушы тарапынан түскен петицияның қабылданбайтындығын хабарлады.

Астана прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 сәуірде қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін делінген айыпталушы Жамалиевтің жүргізушісі А. Прибытков тұтқындалды. Сонымен қатар, ведомство істі тергеу амалдарының Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің жеке бақылауында жүргізілетінін хабарлады.

Айта кетейік, қазір аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іске қатысы бар делінген тағы бір азамат іздестірілу үстінде. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети