Астаналық полицейлер ірі сомадағы қаржыны ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астаналық полицейлер ірі сомадағы қаржыны ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қалалық Ішкі істер департаментіне бір ЖШС-тің басшысы 7 желтоқсанға қараған түні белгісіз біреу сейфтен ақша ұрлағаны туралы арызбен келген.
"Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыскерді қолға түсірудің кешенді шарасы қарастырылды. 10 желтоқсан күні Павлодардағы жедел-іздестіру іс-шарасында Астана полицейлері 42 жастағы әйелді ұстады", - деп хабарлады полицейлер.
Тергеу барысында қолға түскен азаматша сәйкес келген кілтпен сейфті ашып, 10 миллион теңге көлемінде ақшаны ұрлағаны туралы куәлік берді.
Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабындағы 4 тармақ бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына тіркелді. Қолды болған заттар иесіне қайтарылып, тергеу жүргізіліп жатыр.