24 шілде 2015 | 12:27

Астанада 500 миллион теңгені жымқырған офицерлер сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада 500 миллион теңге ақша жымқырған офицерлер сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 500 миллион теңге ақша жымқырған офицерлер сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаевқа сілтеме жасап.

"Сот процесі басталды (...) Сотқа кез келген азамат, тілшілер қатыса алады", - деді Абдуллаев баспасөз мәслихаты кезінде.

ҚР Қорғаныс министрлігі 42062 әскери бөлімінің капитаны  А. Пұсұрмановтың жетекшілігімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты мемлекет қаражатын, яғни 547 миллион 703 мың 924 теңгені заңсыз иемденгені үшін қылмыстық іс қозғалды. 

Әскери соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс сотқа 2015 жылдың 13 шілдесінде келіп түсті, 16 шілдеде өндірістік сотқа қабылданды. Қазір қамаудағы алты күдіктіні Жамбылдан Астанаға әкелу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәліметте қылмыстық істің көлемі 66 томнан тұратыны хабарланған. Жәбірленуші тарап ҚР Қорғаныс министрлігі, іс бойынша 21 адам куәгер болады, сегіз адам күдікті ретінде танылды. Күдіктілер Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері, одлардың жетеуі офицерлер, біреуі келісімшартпен жұмыс істеп жатқан қызметкер.

Іс материалдары бойынша, Жамбыл облысының Луговое станциясындағы 42062 әскери бөлімінің капитаны А. Пұсұрмановтың басшылығымен ұйымдасқан топ 2008 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 21 тамызына дейін 547 миллион 703 мың 924 теңгені заңсыз жолмен әскери қызметкерлер мен басқа да адамдардың шоттарына аударып отырған, сонымен қатар 53 миллион 950 мың 949 теңгені зейнетақы шоттарына аударған.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети