Өзінің лесбиянка досы Кристина Чернышеваны өлтірген 24 жастағы жеңгетай Каролина Канның тағы бір қыздың өліміне қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Телеарнаның ақпаратынша, Александра Лиге (Каролинаның шын есімі) қатысты жаңа іс қозғалған. Бірақ бұл жаңа айыптаулардың жай-жапсары әлі нақтыланған жоқ.

Еске сала кетейік, тамыз айының ортасында Астана қалалық соты 18-жасар Кристина Чернышеваны айуандықпен өлтіргені үшін Каролина Кан мен оның екі сыбайласы - Марина Гуреева мен Диана Нұржанованы жалпы алғанда 39 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Қазіргі таңда айыпталушылар үкімге қарсылық танытып, іс қайта қаралатын болды.
Айта кетейік, 2013 жылы сәуір айында қос лесби - Каролина Кан мен Кристина Чернышева Қарағандыда алғаш рет біржынысты үйлену тойын өткізіп, елді дүрліктірген болатын. Әрине, ресми емес. Өйткені бізде заң бойынша, бір жынысты некеге рұқсат етілмеген. Бірақ арада бір жыл өткеннен кейін Астанада тұрған "біржыныстылар отбасында" айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы тіркелген болатын. Тергеу барысында анықталғандай, қаскүнемдер алдымен қызды қылқындырып өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, қаладан шығарып өртеп жіберген.
Сот отырысында Каролина Кан Кристинамен Астанада танысқанын айтқан. Олар сонда интимдік қызмет көрсету арқылы табыс тапқан. Сотталушы Александра Лидің айтуынша, ол жеңгетайлықпен айналысқан, ал Кристина Чернышева клиенттердің соққан қоңырауларына жауап беріп отырған.