Астанада адамдарды кепілге алу ісі: күдікті өзін полицейлер атқанын қалаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада адамдарды кепілге алу ісі: күдікті өзін полицейлер атқанын қалаған Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісіне қатысты соты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісіне қатысты соты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті Әлихан Мурадов сотта кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол сол кезде есірткі қабылдамаған.

Прокурордың айтуынша, оқиға күні Мурадов белгілі бір дәрі-дәрмек қолданып, өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған. Есірткіден қажетті әсер алмаған ер адам банкті басып алуды жоспарлап, ол жерден мұқтаж адамдарға ақша талап етпек болған. Ер адам кейін қамауға алынып жатқанда полиция қызметкерлері оны атып тастайды деп ойлаған.

Қолдан жасалған құралдардан - оттық пен темекі шегетін құрылғыдан - Мурадов жарылғыш заттардың макетін жасаған. Кәдесый дүкенінен ер адам оттық-тапанша сатып алған. Осы заттармен ол Kaspi Bank филиалына шабуыл жасап, қызметкерлерін кепілге алған.

Оның ісі Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары, оның ішінде 188-баптың 1-бөлігі және 261-баптың 2-бөлігінің 4, 8, 9-тармақтары бойынша қаралды.

Еске салайық, бұған дейін Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алғаны хабарланған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында банкке келушілер жоқ.

Ішкі істер министрлігі өкілдері Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді. Кейінірек ер адам 7 адамды кепілге алғаны белгілі болды.

"Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІМ өкілдері.

Кейін кепілге алынғандардың сыртқа шығарылғаны, оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келгені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети