Астанада аялдамаға арандату мәнінде сөз жазып кеткен адам қылмысын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада аялдамаға арандату мәнінде сөз жазып кеткен адам қылмысын мойындады

Астана қалалық ІІД өкілдері елордадағы аялдамалардың бірінде арандату мәнінде мәтін жазып кеткендерге қатысты жаңа мән-жайды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қалалық ІІД өкілдері елордадағы аялдамалардың бірінде арандату мәнінде мәтін жазып кеткендерге қатысты жаңа мән-жайды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, күдікті қылмысын мойындап отыр және ол бұрын сотты болған екен.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Таңғы бестерде бұл аялдамада мас күйде болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Елордалық ІІД тергеу басқармасының өкілдері оқиғаның биыл тамызда болғанын еске салып отыр. Жазылған мәтінді тәртіп сақшылары "Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыру" деп бағалады. Еске салсақ, сол кезде Facebook желісінде Жеңіс даңғылы мен Молдағұлов көшесінің қиылысындағы аялдамаға жазылған мәтіннің суреті жарияланған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети