25 желтоқсан 2018 | 17:42

Астанада алаяқтар Samsung брендін жамылып тұрғындарды алдаған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Астанада алаяқтар тұрғындардан ақша жымқыру үшін Samsung брендін жамылған. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада алаяқтар тұрғындардан ақша жымқыру үшін Samsung брендін жамылған. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдары өкілдерінің мәліметінше, алаяқтар автокөлік ұтысын жасаған болып халықты алдаған.  

"Белгісіз нөмірден Samsung компаниясының атынан Chevrolet Niva автокөлігін ұтып алдыңыз деген хат келеді. Шарт бойынша жеңімпаз белгілі бір соманы Qiwi-әмиянға аударуы керек, сонда ғана ұтысының қайда екенін біле алады. Ал тұрғындар ақша төлегеннен кейін телефон өшірулі болған", - дейді Астана қалалық полиция департаментіндегілер. 

Сондай-ақ, ведомство өкілдері Kolesa.kz сайтындағы алаяқтар жайлы айтты.

"Сатып алушыларды алдау схемасы қарапайым. Сайттағы хабарландырулар бойынша көлік таңдағаннан кейін сатып алушы сатушымен хабарласады. Барлық шартты ақылдасып болған соң, сатушы Qiwi-әмиянға белгілі бір соманы аударуды сұрайды. Артынша ақша түскеннен кейін телефонын өшіріп, жоғалып кетеді. Нәтижесінде жәбірленуші көліктен де, қомақты ақшадан да айырылады", - дейді ведомстводағылар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети