Астанада астыртын жұмыс істейтін казино әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада астыртын жұмыс істейтін казино әшкереленді ©Астана қаласы МКД баспасөз қызметі

Астанада заңсыз жұмыс істеп келген казино әшкереленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада заңсыз жұмыс істеп келген казино әшкереленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2015 жылғы 26 қаңтар күні Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметі мамандары жедел-іздестіру шаралары барысында елорда ауданындағы тұрғын үй ғимараттарының бірінде жасырын жұмыс істеп келген казиноның заңсыз қызметін тоқтатты", - делінген департамент таратқан хабарламада. 

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР ҚК 307-бабымен қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. "Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында заңсыз жұмыс істеп келген казино Алматыдағы "Гауһартас" тұрғын үй кешенінен анықталған еді. Қаржы полициясының мәліметінше, құмар ойындарын ұйымдастырушы оны 2014 жылдың шілдесінде ашқан. Ол казино үшін тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы үш бөлмелі пәтерді таңдаған. Пәтерді тінткен кезде полицейлер ойыншылардан алынған ақшаны, жасыл шұға, фишкалар мен карталар сияқты казино атрибуттарын тапты. Тергеу барысында казиноны ұйымдастырушы өз кінәсін мойындады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети