04 тамыз 2015 | 10:29

Астанада автобус жүргізушісінің жолаушылармен төбелесіне полиция түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада автобус жүргізушісінің жолаушылармен төбелесіне полиция түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейін автобус жүргізушісінің жол жүруден бас тартқан жолаушылардың бірін оңдырмай тепкілеп, екіншісін пышақтап тастағаны хабарланған еді. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада автобус жүргізушісінің жолаушылармен төбелесіне полиция түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейін автобус жүргізушісінің жол жүруден бас тартқан жолаушылардың бірін оңдырмай тепкілеп, екіншісін пышақтап тастағаны хабарланған еді. 

Оқиға "Шанхай" базарында болды. "Астана-Шымкент" бағытымен жолға жиналған жігіттер кенеттен ауылға қайтпайтын болып, төлеп қойған 7 мың теңгесін кері қайыруды талап етіпті. Ал автобус жүргізушісі қалтаға түскен қаржыны қайтарғысы келмесе керек.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 тамызда Астана қалалық ішкі істер департаментіне 1988 жылы туған екі жігіт хабар беріп, өздеріне дене жарақатының салынғанын айтқан. "Жәбірленушілердің берген жауабына қарағанда, олар 1 тамызда Астана - Шымкент бағытындағы рейс жасайтын автобуспен кетуі керек болған. "Шанхай" базарының автотұрағында олар жеке автобуспен жүру үшін екі орынға жолақы құнын төлейді, бірақ кейін бұл баға оларға қымбат көрініп, ақшаны жүргізушіден қайда сұраған", - деді полиция өкілдері. Бұдан кейін, тәртіп сақшыларының айтуынша, жолаушылар мен жүргізушінің арасында қақтығыс басталыпты. Оның кезінде автобус жүргізушісінің танысы жәбірленушілерге дене жарақатын салып, оқиға орнынан із жасырған. 

"Бұл дерек Соталды бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 107-бабы бойынша тіркелді, соталды тергеу басталды", - делінген полиция хабарламасында. Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлерінің ОҚО-ның 19 жастағы тұрғынының ұсталғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети