Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны оны автотұрақта аяусыз ұрған бірнеше ер адамның соққысынан кейін қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 тамызда кешкі уақытта болған. Алайда бұл жағдай жайлы тек бүгін белгілі болған, - деп хабарлайды "NewTimes.kz".
Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны оны автотұрақта аяусыз ұрған бірнеше ер адамның соққысынан кейін қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 тамызда кешкі уақытта болған. Алайда бұл жағдай жайлы тек бүгін белгілі болған, - деп хабарлайды "NewTimes.kz".
Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасаған басылым тілшілерінің айтуынша, ер адамдарға әйелдің автотұрақта көлікті қойғаны ұнамаған. Олар оған ескерту де жасаған. Содан ер адам мен әйелдердің арасында жанжал шығып, кейін төбеске ұласқан. Соңында ер адамдар әйелді аяусыз соққыға жыққан.
Қаза тапқан әйелдің көршілерінің айтуынша, алған соққылардан әйел тірі болған. Бірақ оны белгісіз біреулер көлікжайдың артына сол күйі қалдырып кеткен. Оның денесі 8 тамызда көлікжайдың артынан табылған.
"Со күн әлі есімде. Әйелді қатты ұрып-соққан. Ол алған жарақаттарынан ғылыми-зерттеу институтының травмотология және ортопедия бөлімінде қайтыс болды. Әйел бастапқыда сол ауруханаға жеткізілген болатын", - деді жедел жәрдем станциясының диспетчері.
Абылай хан №12/2 даңғылында орналасқан көлікжайлар, белгісіз біреулер әйелді тірі кезінде-ақ осында өлім аузында тастап кеткен. © newtimes.kz
Басылым тілшілері қайтыс болған әйелдің туыстарымен әзірше байланысқа шыға алмады. Әйелдің көршілерінің айтуынша, қаза тапқан әйелдің артында екі баласы қалды.
"Астана қалалық ІІД бұл оқиғаға қатысты түсінік бермеді. Біз қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ІІМ мен Бас прокуратураға ресми сауал жолдадық", - делінген мақалада.
Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, "Шолпан" дүкенінің сатушысының айтуынша, әйелді ұрып-соғу ісіне әскери адамдардың қатысы болуы мүмкін: бір полковник пен бірнеше сарбаз. "Олар туралы ауладағы тұрғындардың барлығы айтады. Расында да солай ма, жоқ па әлі белгісіз", - деп жазады басылым тілшілері.