17 қыркүйек 2018 17:15

Астанада автоұры полицейге пышақ салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nikopol-tv.net © nikopol-tv.net

Астанада автоұры полицейге пышақ салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада автоұры полицейге пышақ салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 15 қыркүйекте болған. Шамамен сағат 01.00-де қаскөйлер астаналық тұрғынның ақ түсті ВАЗ (Lada) көлігін байқаған. Күдіктілердің бірі оқиға орнында ұсталды, алайда ол полицейге қарсылық көрсетіп, пышақ салып жіберген. Ал екінші күдікті көрші аулада ұсталған.

Астана қалалық ІІД өкілдері бұл деректі растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, криминалдық полиция қызметкері Нұрлан Тілеухан көлік маңынан екі ер адамы байқаған. Олардың көліктің ішіндегі заттарды ұрлап кетпек болғаны анықталған.

"Күдіктіні ұстау кезінде ол полицейге қарсылық көрсетіп, пышақ салды. Алайда, полицей алған жарақатына қарамастан, оның қолына кісен сала алды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі терегу жүріп жатыр. Қарағанды облысының 18 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша тергеу жұріп жатыр. Күдіктілер изоляторға қамалды. Ал жарақат алған полицей амбулаторлық ем алып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети