Астанада аялдамаға арандату мәнінде сөз жазып кеткен адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада аялдамаға арандату мәнінде сөз жазып кеткен адам ұсталды

Астанада аялдамаға арандату мәнінде сөз жазып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада аялдамаға арандату мәнінде сөз жазып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық ІІД тергеу басқармасының өкілдері биыл тамызда болған оқиғаның мән-жайын айтты. Еске салсақ, сол кезде Facebook желісінде Жеңіс даңғылы мен Молдағұлов көшесінің қиылысындағы аялдамаға жазылған мәтіннің суреті жарияланған еді. Полиция бұл суреттегі жазуды " Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыру" деп бағалады. 

Осы дерек бойынша тергеу басталып, жарияланым авторы іздестіріле бастаған еді. 

"Жеңіс даңғылы мен Молдағұлов көшесінің қиылысындағы автобус аялдамасында табылған жазба дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталды, оған қатысты Астананың Сарыарқа аудандық № 2 соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды шешті. Қылмыстық іс аясында Астананың ССИ сарапшыларының қатысуымен сәйкес зерттеулер тағайындалды", - деп хабарлады тергеу басқармасындағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети