20 қазан 2022 21:10

Астанада әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: news.myseldon.com Фото: news.myseldon.com

Астанада 32 жастағы әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz Telegram-арнасы.


Астанада 32 жастағы әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz Telegram-арнасы.

20 қазанда сағат 18.39-да 102 арнасына ер адам әйелді пышақпен өлтіргені туралы қоңырау түскен.

"Оқиға орнына дереу полиция жасағы шықты. Факт расталды. Дүкен ішіндегі касса маңынан пышақ жарақатын алған әйел өлі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қаза болған", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, ер адам аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, ал өзіне пышақпен шабуыл жасағаны анықталды.

"Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети