20 шілде 2018 | 09:39

Астанада балабақша тәрбиешісіне қатысты іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының кадрынан үзінді КТК телеарнасының кадрынан үзінді

Астанада бүлдіршіндерді сабады деген балабақша күтушісі жұмыстан қуылды. Қалауынша қол жұмсаған көрінеді. Астанада балабақша қызметкерінің бүлдіршіндерді оңды-солды ұрып жүргені бақылау камерасына түсіп қалыпты. Оны ата-аналар байқап қойып, содан айғай шыққан. Ал балабақша басшылығы әлгі тәрбиешіні дереу жұмыстан қуыпты. Енді ата-аналар кішкентайларын ол мекемеге апарудан қорқып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада бүлдіршіндерді сабады деген балабақша күтушісі жұмыстан қуылды. Қалауынша қол жұмсаған көрінеді. Астанада балабақша қызметкерінің бүлдіршіндерді оңды-солды ұрып жүргені бақылау камерасына түсіп қалыпты. Оны ата-аналар байқап қойып, содан айғай шыққан. Ал балабақша басшылығы әлгі тәрбиешіні дереу жұмыстан қуыпты. Енді ата-аналар кішкентайларын ол мекемеге апарудан қорқып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Астаналық Кәмила Серғалиева үш жасар ұлы Нәбиді балабақшаға апарудан қорқып қалған. Тілі енді шыққан балақай тәрбиешіден қалай таяқ жегенін ымдап қана көрсетеді. Балабақшада не жағдай болып жатқаны бақылау камерасына түсіп қалыпты. Тәрбиеші болса, төбеден түсіріп тұр-ау деп шімірікпейді. Түскі астан кейін ұйықтап жатқан балақайлардың бірін жолай ұрып, екіншісін түрткілеп, шапалақтың көмегімен қатаң тәртіп орнатып жүр. Камила оны баласынан біліпті.

"Сағат түскі 12 жарым кезінде баламды үйге алып кетейін деп бардым. Өйткені, тәрбиешіміз еңбек демалысына шығып кеткен. Жаңа тәрбиешіні жатырқап жүрер деп. Балабақшаға барсам, ұлым жылай береді. Үйге келгеннен кейін қалай ұрғанын, құлағынан жұлқылағанын сұрап білдім. Видеоның басты кейіпкері Жадыра Ермекбаева өткен желтоқсан айында тәрбиешінің көмекшісі болып қабылданған екен. Шілде айында тәрбиеші штатына өткен. Қазір ол қан қысымы көтеріліп, үйінде жатыр. Кінәсін мойындамайды", - дейді Камила Серғалиева.

"Тек балаларды ұйықтататйын дедім, ол барлығын ойдан құрастырып отыр. Онда ештеңе де нақты көрінбейді. Бұл мәселені сот шешеді. Мен ауырып жатырмын. Қан қысымым көтеріліп кетті", - дейді Жадыра Ермекбаева. 

Дау болған №84 балабақша - осыдан 3 жыл бұрын "ақылды үй" жобасымен салынған Астанадағы ерекше ғимараттардың бірі. Содан бері ата-аналардан бірде-бірінен шағым болмапты.

"Ол тәрбиешінің көмекшісі болып жүрген кезде оның үстінен ешқандай ата-аналардан шағым, балаға дауыс көтерді, ұрды деген сияқты болған емес. Барлық құжаттары бойынша біз оны қабылдадық. Барлық арнайы емханалардан психикалық, физикалық жағдайы туралы барлық құжаты бар", - дейді №84 "Кәусар" балабақшасының меңгерушісі Динара Базарбай.

Телеарна мәліметінше, басшылық шу шыққан соң Жадыра Ермекбаеваны жұмыстан шығарды. Сондай-ақ, оны жұмысқа қабылдаған балабақша әдіскеріне қатаң сөгіс жарияланып, меңгерушіге қалалық білім басқармасы ескерту жасаған. Ал үш жасар Нәбидің анасы тәрбиешінің үстінен полицияға арыз түсіріпті. Полиция бүгінде тәрбиешіден жауап алып, тексеру жүргізіп жатыр. Соңғы сөз енді сотта айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети