Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада балаларға арналған автокреслолар ұрлана бастады

16 Қаңтар 2015, 12:00
0
©Auto43.ru
©Auto43.ru

Астанада балаларға арналған автокреслолар ұрлана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері көліктерден авторкесло ұрлау бойынша екі дерек тіркелді. Осы деректерге сәйкес, ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі өндіріс шарасы қозғалды. Қылмыскерлерді ұстау мақсатында жедел-іздеу шаралары өтіп жатыр", - деді Астана қаласының ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Оның айтуынша, көлік салонынан автокресло ғана емес, басқа да бағалы заттар мен құжаттар ұрланған. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бастап жаңартылған жол қозғалысы ережесі күшіне енген еді. 7 қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген түзету күшіне енді, оған сәйкес, 12 жасқа дейінгі балалар автокөлікте балаларға арналған орындықпен ғана тасымалдануы қажет. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 593-бабына сәйкес, осы талаптарды орындамағандарға 9 910 теңге (5 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салу қарастырылған, егер бір жыл ішінде заңды екінші мәрте бұзғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай