Астана полициясы букмекерлік кеңсені тонады деген күдікпен 29 жастағы қарағандылықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана полициясы букмекерлік кеңсені тонады деген күдікпен 29 жастағы қарағандылықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінен қаражатты ашық түрде ұрлау дерегіне қатысты күдікті ұсталды. Жедел-іздеу шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Қарағандының 29 жастағы тұрғынын ұстады", - дейді полицейлер.
Күдіктінің кінәсін мойындағаны хабарланып отыр.
Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы (Тонау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Күдікті Астана ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы анықталу үстінде.
Мұның алдында букмекерлік кеңсе өкілдері келген шығын көлемі алдын ала есеп бойынша 700 мың теңге болғанын айтқан.