Астанада бұрынғы әскери қызметкерге кастрация тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бұрынғы әскери қызметкерге кастрация тағайындалды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Ақтау гарнизонының бұрынғы әскери қызметшісіне қатысты үкім шығарды. Оған 11 жастағы қызын бірнеше рет зорлады деген айып тағылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот үкімі бойынша, экс-әскери қызметкер ҚР ҚК-ның 120-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмағанды ​​зорлау", 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және 124-бабы 3-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде қамауға ала отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сондай-ақ, үкімде бұрынғы әскери қызметкерге қатысты химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеу шараларын қолдану қарастырылған", - делінген хабарламада.

Сот мәліметінше, ер адам әскери қызметі кезінде, 11 жастағы қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтары, сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары және қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденген.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы жасалған әрекеттердің ауырлығын ескере отырып, сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажеттігі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети