Астанада дәмхана маңында жанжалдан кейін оқ атқан ер адамды ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дәмхана маңында жанжалдан кейін оқ атқан ер адамды ұсталды Tengrinews.kz

Астанада полиция қызметкерлері дәмхана маңында жанжалдан кейін оқ атқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полиция қызметкерлері дәмхана маңында жанжалдан кейін оқ атқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері елордадағы дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықтады.

Сараптамаға сәйкес, тапанша газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды.

Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети