Астанада Оңтүстік Қазақстаннан келген екі қыздың әрқайсысы 200 мың теңгеге сатылып кете жаздаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүргізілген жедел шаралар кезінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1977 жылы туған әйелді ұстады. Ол тұрып жатқан пәтерден Оңтүстік Қазақстан облысының 25 және 26 жастағы екі тұрғыны табылды, ұсталған әйел бұл қыздардың әрқайсысын 200 мың теңгеден сатып жібермек болған", - делінген хабарламада.
Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті оларды пәтеріне алдап кіргізген. Әйел қыздарды Астанадан жұмыс тауып беремін деп шақырып, олар келгеннен кейін төлқұжаттарын тартып алып, пәтерде күшпен ұстаған. "Ұсталған әйелден 200 мың теңге көлеміндегі ақша тәркіленді. Бұл дерек бойынша "Адам саудасы" бабымен қылмыстық іс қозғалды, бұл қылмыс үшін бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Ұсталған азаматшаға тұтқындау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.