23 қыркүйек 2022 16:52

Астанада ер адам жалған пәтерлерді жалға берген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астанада пәтер алаяғы ұсталды. 23 жастағы ер адам 6 адамды алдап үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Астанада пәтер алаяғы ұсталды. 23 жастағы ер адам 6 адамды алдап үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында ер адам сайттардың біріне пәтер жалдау туралы хабарландыру салғаны анықталды. Арзан бағаны көрген жәбірленушілер хабарландыру бойынша қоңырау шалған. Телефонмен сөйлескенде ер адам алдын ала төлем жасау керек деп шарт қойған. Күдікті ақшаны алғаннан кейін бірден хабарландыруды өшіріп, телефон нөмірін ауыстырған. Осылайша, 6 адам алаяқтың айласына түсіп, оған 30 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Ер адам бұрын риелтор болып жұмыс істегені анықталды. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, өзге де жәбірленушілер анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети