19 желтоқсан 2018 | 16:41

Астанада ер адам мас күйде 7 автомобильдің дөңгелегін жарып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер бірнеше автокөліктің доңгелегін жарды деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Елордалық полицейлер бірнеше автокөліктің доңгелегін жарды деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Таяуда әлеуметтік желіде Астанадағы Момышұлы даңғылының бойында орналасқан аулалардың бірінде бірнеше көліктің дөңгелектерін жарып жатқаны сәтінде түсірілген видео пайда болған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA АСТАНА (@vastane.kz)

Полицейлер қаскөйді көп ұзамай ұстағандарын хабарлады. 

"Алматы аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің мамандары бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің түр әлпеті мен жүрген бағытын анықтады", - деді Астана ПД өкілдері. 

Күдікті танысының үйінде ішімдік ішіп, үйіне қайтып келе жатқан. Тұрғын үйдің ауласынан өтіп бара жатып, ол жол бойында тұрақта тұрған көліктердің дөңгелегін себепсіз жара бастаған. 

"Жалпы көлемде 7 автокөліктің дөңгелегін жарған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша жүріп жатыр. Ұсталған жігіттің басқа да қылмыстарға бар жоғы тексеріліп жатыр", - деді полиция департаментінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети