Астанада ер адам несие алған қызды тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ер адам несие алған қызды тонап кетті Сурет Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен

Астанада полицейлер банктен несие алған қызды тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлер банктен несие алған қызды тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті елордадағы банктердің бірінен несие алып жатқан адамдардың арасынан өзіне бір құрбандықты таңдаған. Әйелдің соңына түсіп, ол аулада ақша салынан сөмкені алып кетіп, ізін суытқан. 

"Куәгер қаскөйді анықтауға және тануға көмектесті. Соның нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 29 жастағы ер адам кінәсін мойындады", - деді полиция өкілдері. 

Сотқа дейін тергеу шаралары жүріп жатыр. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендер болса Астана полиция департаментіне хабарласуды сұрайды: 71-61-51; 8-702-740-90-00 немесе 102.

Полиция өкілдері, қарақшылық шабуылдың құрбаны болған жағдайда қарсылық көрсетпеуге шақырады, қылмыскердің түр әлпетін жақсылап жаттап алып, полицияға хабарласуға кеңес беріледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети