24 ақпан 2017 | 17:06

Астанада ер адам түрмеге отыру үшін ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ugolovka.com © ugolovka.com

Астанада ер адам түрмеге отыру үшін тапаншамен ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасаған. Осылайша ол өз туыстарына кек қайтаруды жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада ер адам түрмеге отыру үшін тапаншамен ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасаған. Осылайша ол өз туыстарына кек қайтаруды жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс материалдары бойынша, астаналық ер адам медициналық бетперде киіп, ақша айырбастау пунктімен бір ғимаратта орналасқан нотариусқа үш рет кірген. Үшінші рет кірген кезінде ол тапанша алып шығып, күзетшіге кезенген.

Күзетшінің айтуынша, ер адам оған қызметтік дабыл тапаншасын тастауды талап еткен. Бұзақының айтқанын орындаған күзетші тапаншаны орындықтың үстіне лақтырған. Осыдан кейін, ұры сол қолымен оның қолын ұстап, тапаншаны күзетшіге тақап, кассаға қарай барған. Ол жерде сотталушы тапаншаны кассирге тақап "Ақшаны бер" деген. Ақша айырбастау пунктінің қызметкері дабыл батырмасын басып, үстелдің астына тығылып қалған. Осы сәтті пайдаланған күзетші ұрының тапаншасын тартып алып, тапаншаның шүріппесін құлыпқа түсіріп үлгерген. Бұдан кейін ол ұрыны кассадан дәлізге шығарып, тапаншаны ары қарай лақтырып жіберген. Содан кейін ол әріптесімен бірге ұрыны ұстап тұрған. 

Сотталушы сот отырысында ҚР Қылмыстық кодексінің "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша өз кінәсін мойындаған, ал "Қарақшылық" бабы бойынша өз кінәсін жартылай мойындаған. 

"(...) Ол ірі көлемдегі қаражатты ұрламаған, себебі бұл қаражат оған керек те болмаған. Ол айырбастау пунктінде қанша қаражат барында білмеген. Ол отбасында және әріптестерімен болған жанжалдан соң түрмеге отыру мақсатында осындай әрекетке барған. Бұл әрекетімен ол туыстарына кек қайтарайын деп ойлаған. Тапаншамен кіруінің себебі тек қорқытайын деген. Айырбастау пунктіне шабуыл жасаудың себебі жанында шабуылдайтындай нысандар болмаған. Ол өз істегеніне өкініп, ауыр жазаға тартпауды өтінеді", - делінген Астана қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінде. 

Айырбастау пунктінің басшылығы оған ешқандай кінә тақпаған, себебі ол ештеңе ұрламаған және олар осы кикілжіңді өзара шешкен. 

Мамандандырылған ауданаралық сот оны екі бап бойынша айыпты деп танып 10 жылға соттаған. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Астана қаласының апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети