Астанада ерлі-зайыпты сәбиін автокөлікке айырбастамақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ерлі-зайыпты сәбиін автокөлікке айырбастамақ болды ©facekid.ru

Астанада нәрестесін автокөлікке айырбастамақ болған отбасылық жұп ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада нәрестесін автокөлікке айырбастамақ болған отбасылық жұп ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туылған сәбиін бір отбасылық жұп Toyota Camry автокөлігіне айырбастағалы жатқаны туралы хабар келіп түскен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде олардың 25 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адам екені анықталды. Екеуі де Өзбекстанда туып-өскен. 

"27 қаңтарда салмағы 3,8 келі, дені сау ұл бала туылған, оны ата-анасы автокөлікке айырбастамақшы болды. 29 қаңтарда автокөлікке нотариус арқылы сенімхат жаздырып алып, оны жаңа туылған балаға айырбастағалы жатқан кезде ерлі-зайыпты ұсталды", - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, нәресте қазір ауруханада жатыр, ұсталған ерлі-зайыпты уақытша ұстау изоляторында отыр. Баланың анасы жұмыссыз, әкесі қалалық кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтіні анықталды. Осыған қатысты ҚР ҚК 135-бабының 2-бөлігі - "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

 

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда Алматыда емшектегі сәбиін 180 мың теңгеге сатпақ болған әйелдің ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Алматы облысы Іле ауданының 27 жастағы тұрғыны өз сәбиін сатпақ болды. Келіншек қызын өткен жылдың 19 желтоқсанында Алматыда босанған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети