Астанада инкассаторлық көліктің қатысуымен болған жол апатынан қыз бала қаза болды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол көлік оқиғасы шамамен таңғы сағат 8-де Желтоқсан мен Абай көшелерінің қиылысында болған. "Болжаммен, "Газель" инкассаторлық көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұза отырып, қызыл жанып тұрған бағдаршамнан өтіп кеткен, сонымен бірге Toyota RAV 4 көлігімен соқтығысқан. Осының салдарынан оқиға орнында 10 жасар қыз қайтыс болды. Ол көліктің артқы жолаушылар орнында отырған. Ал Toyota RAV 4 көлігінің рөлінде оның анасы болған", - дейді С.Қылышбекова. "Газель" көлігінің жүргізушісі мас күйде болған.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 296 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Астана қалалық ІІД анықтаушылары тергеу жүргізуде.