Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанада жезөкшелікпен айналысуға жалға берілетін 16 пәтер анықталды

27 Шілде 2015, 10:54
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Астанада жыл басынан бері жезөкшелікпен айналысуға жалға берілетін 16 пәтер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сарыарқа" аудандық ІІБ учаскелік инспекторлары жыл басынан бері жезөкшелікпен айналысу үшін берілген 16-дан астам пәтер анықталды. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы (жезөкшелікпен айналысуға ғимарат беру) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Барлық материалдар сотта қаралып, ірі сомада айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Әкімшілік учаскені тексеру кезінде жезөкшелікпен айналысуға берілген пәтердің анықталғаны хабарланып отыр. Осы дерек бойынша пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту және 150 АЕК көлемінде айыппұл салынумен әкімшілік материал жиналды.  

"Сонымен қатар, осы жылдың 22-23 шілдесі аралығында вокзал маңы аумағын тексеру барысында елордалық полиция қызметкерлері ҚР ҚК 309-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеулерді бірыңғай тіркеуіне жеңгетайлықтың екі екі дерегін тіркеді. Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына 52 адам жеткізіліп, тіркеу базасы бойынша тексерілді", - деді полиция өкілдері.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, "Сарыарқа" аудандық ІІБ полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аумақтарда күн сайын сауда орындары, базарлар мен вокзалдарда жұмыстар жүргізеді. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК 449-бабы (қоғамдық орындарда тиісу) бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың 727 дерегі анықталды. Солардың ішінде ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) бойынша 704 дерегі анықталып, 7 миллион теңгеге жуық сомада айыппұл салынды.

"ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша 20 факт анықталып, соның ішінен 13 қамау және 150 мың теңге сомасына жуық 7 айыппұл. Оған қоса, осы баптың 3-бөлігі (шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер) бойынша бес тәулікке дейін әкімішілік қамау қарастырылған 3 дерек анықталды", - деді ІІД өкілдері.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай