Астанада жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан бұзақы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан бұзақы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ер адам табылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Ал осыған дейін Астана полициясының жүргізушіні ұрып-соққан адамдарды іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде және Instagram желісіндегі парақшаларда ел өңірлерінің бірінде түсірілген видео пайда болған еді. Видеодағы кадрлардан ер адамның тал түсте өзінен үлкен ер адамды ұрып жатқанын көруге болады.