Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп Qnet қаржылық пирамидасын құруға және басқаруға қатысы бар деген күдіктіні ұстады.

"Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеді.

Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, "Qnet" қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

Qnet халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды", - делінген хабарламада.

Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды, сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 миллион теңгені құрады.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға "қамауда ұстау" шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети