Астанада қаруланған бір топ адам дүкенге ұрлыққа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада қаруланған бір топ адам дүкенге ұрлыққа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, дүкенге қарулы шабуыл жасаған бір топ адамды полицейлер ұстап, қамауға алған. Олар 25-28 жас аралығында болып шықты.
"22 наурызда полицияға дүкеннің сатушысы хабарласып, бетперде киген бір топ адамның 50 мың теңгеден жоғары ақшаны алып кеткендерн айтты. 16 наурызда олар дәл осындай жолмен басқа дүкенге кіріп, 60 мың теңге ұрлаған. 10 шілдеде сауда орталығының күзетшілерімен байланысу арқылы тағы да ақша ұрлаған", - деді Астана ІІД өкілдері.
Төрт қарулы шабуыл жасады деген күдікпен олар қамауға алынды. Күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.