Астанада Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі бас директоры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі бас директоры ұсталды

Астанада ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Б.Ш.Халық 70 мың доллар көлемінде пара алу сәтінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған. Сонымен қатар, Б.Ш.Халық РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Ол бұл ісін бас есепші К.Т.Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Т.У.Махмутовпен бірге жасаған", - делінген хабарламада.

Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге тәркіленгені айтылады. 

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети