Астана қаласында жеке кәсіпкердің бизнесін иелену үшін тапсырыспен адам өлтірмек болған үш адамның ісі әскери сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 жылы 30 наурызда кешкі уақытта Энергетик кентіндегі үйінің ауласында кәсіпкерге белгісіз біреулер тапаншадан үш рет оқ атып, жарақаттаған. 2014 жылы маусым айында Астананың полицейлері кәсіпкердің өміріне қайтадан қастандық жасауға дайындалып жүрген үш адамды ұстады.
Полицейлердің мәліметтері бойынша, қылмысты ұйымдастырушы 1980 жылғы, делдал 1970 жылғы және киллер 1965 жылғы азамат. Тергеу барысында бұл қылмыстың тапсырыспен жасалғаны анықталды. Сонымен қатар, қылмысты орындаған киллердің осыған дейін қасақана адам өлтіріп, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлағаны, адам өміріне қастандық жасаудың ұйымдастырушысы болғаны анықталып отыр. Ол күш құрылымдарында қызмет еткен.
"Полиция қызметкерлері қылмыстың табиғи қазбаларды табу және сатумен айналысқан кәсіпкердің бизнесін иелену үшін жасалғанын анықтады. Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ұсталған үш азаматқа қатысты тергеу және арнайы шаралар жүріп жатыр. Олар қазіргі уақытта Ақмола гарнизонының әскери сотына адам өміріне қастандық жасау, қызмет бабын асыра пайдалану қылмыстық істері бойынша берілді.