29 қаңтар 2015 | 10:36

Астанада кәсіпкерді өлтірмек болғандардың ісі сотқа берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©sakhalife.ru ©sakhalife.ru

Астана қаласында жеке кәсіпкердің бизнесін иелену үшін тапсырыспен адам өлтірмек болған үш адамның ісі әскери сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласында жеке кәсіпкердің бизнесін иелену үшін тапсырыспен адам өлтірмек болған үш адамның ісі әскери сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 жылы 30 наурызда кешкі уақытта Энергетик кентіндегі үйінің ауласында кәсіпкерге белгісіз біреулер тапаншадан үш рет оқ атып, жарақаттаған. 2014 жылы маусым айында Астананың полицейлері кәсіпкердің өміріне қайтадан қастандық жасауға дайындалып жүрген үш адамды ұстады. 

Полицейлердің мәліметтері бойынша, қылмысты ұйымдастырушы 1980 жылғы, делдал 1970 жылғы және киллер 1965 жылғы азамат. Тергеу барысында бұл қылмыстың тапсырыспен жасалғаны анықталды. Сонымен қатар, қылмысты орындаған киллердің осыған дейін қасақана адам өлтіріп, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлағаны, адам өміріне қастандық жасаудың ұйымдастырушысы болғаны анықталып отыр. Ол күш құрылымдарында қызмет еткен.  

"Полиция қызметкерлері қылмыстың табиғи қазбаларды табу және сатумен айналысқан кәсіпкердің бизнесін иелену үшін жасалғанын анықтады. Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұсталған үш азаматқа қатысты тергеу және арнайы шаралар жүріп жатыр. Олар қазіргі уақытта Ақмола гарнизонының әскери сотына адам өміріне қастандық жасау, қызмет бабын асыра пайдалану қылмыстық істері бойынша берілді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer