Астанада мектеп оқушысының қайтыс болуына байланысты жаңа мәліметтер түсті. Жетінші телеарнада шығатын "Другими словами" сараптамалық бағдарламасының тілшісі мектептегі қайғылы оқиғаға куә болғандарды бейнетаспаға түсіріп алған.
Астанада мектеп оқушысының қайтыс болуына байланысты жаңа мәліметтер түсті. Жетінші телеарнада шығатын "Другими словами" сараптамалық бағдарламасының тілшісі мектептегі қайғылы оқиғаға куә болғандарды бейнетаспаға түсіріп алған.
Қайтыс болған оқушының сыныптасы қайғылы оқиға боларда тарих пәні өтіп жатқанын айтты. "Ол (сыныптасын ұрып жіберген бала) бірден қолына пышақ алды. Ал қайтыс болған баланың аузынан қан ағып жатып: "Апай, маған пышақ салып өлтірді". Ал біз не істерімізді білмей дағдарып қалдық", - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, сыныптастар бірінші сабақтың өзінде-ақ сөзге келмей, ерегесіп қалған.
Ол сондай-ақ, сыныптасын жер жастандырған оқушы бұған дейін қаладағы № 52-ші мектепте оқығанын, математика амалдарын оңай шешу қабілетініне ие болғанын, ал кейінгі жылдары өз алдына қияли кейіпке еніп, кей уақыттарда қызбалыққа бой алдырып, ашушаң болып жүретінін айтты. Бір кездері ол қолына кафельдің сынығын ұстаған бойда сыныпқа кіріп келіп, сыныпта отырғандарға лақтырамын деп қорқытқанын да еске алды. "Ол партада отырып алып, оны әлдебіреу осы іске итермелегенін айтуы да мүмкін, бірақ ол кезде оның қасында ешкім болған жоқ. Сондықтан оқушылар не болғанын ұқпай да қалды. Сол себепті біз оны тексерден өтуге жібердік", - деді № 52 мектеп директоры Жәкеш Бекенова.
Астанадағы № 3-ші психология-медико-педагогиялық консультациядағылар әлгі оқушының сабаққа кіруіне рұқсат бермегенін айтып отыр. Баланың жалпыбілім беретін мектепте білім алуына психдиспансердегілер берген. Алайда ондағылар қайғылы оқиғаға байланысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.
Ал КТК телеарнасы таратқан мәліметке қарағанда, сыныптасын ұрып өлтірген әлгі бала бұған дейін де заңға қарсы әрекеттерге барғаны белгілі болды. Ол Павлодар облысында оқып жүргенінде құқық қорғау органдарына телефон шалып, ғимаратта бомба жасырылғанын айтқан екен. Ол уақытта жалған ақпарат таратқан баланың әке-шешесі тек айыппұл төлеумен ғана құтылыпты.
Еске саламыз, Астанада жаңадан ашылған №76-шы мектепте оқитын сегізінші сыныпта оқитын оқушылар арасында түсініспеушілік орын алып, арты қайғылы оқиғаға ұласқан. Ол кезде бір оқушы екінші оқушының кеуде тұсынан қатты затпен ұрып қалған еді. Соққының қатты болғаны соншалық жарақат алған оқушы ауруханаға бар жолда жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған еді. Астана қалалық ІІД мәлімдеуі бойынша, 13 жасар ұл бала сыныптасының кеудесін қаламсаппен ұрып қалған. Мектеп директоры болса ол екеуі арасында бір біріне былапыт сөз айтып, араздасатындай ештеме бола қоймаған. Оқиға тек оқыс қимылдан болғанын айтып отыр.
Қазіргі таңда Астана қалалық ІІД тергеу алдындағы жұмыстар жүргізуде. Оны жүргізуге айыпталушының 14 жасқа келмегендігі, яғни қылмыстық жазаға тартылмайтындығы себеп болған.