Астанада күйеуінің бұрынғы әйелін өлтірген тұрғынға үкім шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жанжал кезінде күйеуінің бұрынғы азаматтық әйелін өлтірген Астана тұрғыны қаза болған әйелдің өкілдерімен медиациялық келісімге келгендіктен бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жанжал кезінде күйеуінің бұрынғы азаматтық әйелін өлтірген Астана тұрғыны қаза болған әйелдің өкілдерімен медиациялық келісімге келгендіктен бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотына сілтеме жасап.

Кісі өлтірушіге бүгін, 5 сәуірде Қылмыстық кодекстің 101-бабы, 1-бөлігі (аффект жағдайында жасалған адам өлтiру) дерегі бойынша сот үкімі шықты.

Сот мәліметінше, өлтірілген М., айыпталушы Р.-ның күйеуімен ресми некеге тұрғанға дейін қарым-қатынаста болған, олардың ортақ баласы бар. Р.-ның күйеуі заңды түрде үйленгеннен кейін де жәбірленуші М.-мен қарым-қатынасын жалғастырған. Бұл Р.-ның ұялы телефонына жіберілген фотолар мен намысына тиетін сөздер жазылған хаттармен дәлелденген.

"Р. жәбірленушінің жүйелі түрде қорлауы салдарынан эмоционалдық қозу (аффект) жағдайында жәбірленушінің ауласына барғанда ауызша жанжал туындаған, жанжалдың соңында Р. жәбірленушінің өмірлік маңызды мүшесіне пышақ сұғып алған. Соның салдарынан жәбірленуші алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды", - деді сот.

Сотта істі қарау барысында тараптар татуласу туралы медиациялық келісімге қол жеткізген.

"Осындай жағдайда соттың Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 340-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталушының жағдайын нашарлатуға құқығы жоқ, сотта прокурор Р.-ға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын сұрады. Сотталушының кінәсі Р.-ның өзінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді", - деп түсіндірді сот.

Нәтижесінде судья Р.-ның қылмысын орташа ауырлықта деп тауып, сотталушының бір жасар баласы бар екенін және оның жасаған әрекетіне өкінуін жеңілдететін мән-жайлар деп ескеріп, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro