Астанада косметика сататын дүкеннің күзетшісі 2 миллион теңге тұратын иіссу ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада косметика сататын дүкеннің күзетшісі 2 миллион теңге тұратын иіссу ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, ер адам ұзақ уақыт бойы Beautymania дүкенінде жұмыс істей жүріп, 2 051 504 теңге тұратын парфюмді жасырын түрде алып кеткен.
"Ер адам сотта кінәсін толықтай мойындады. Келтірілген шығынды өтеп берді", - делінген соттың хабарламасында.
Соттың шешімімен, дүкен күзетшісі шартты түрде 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
"Астанадағы Есіл аудандық №2 соттың шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша ("Ірi мөлшерде жасалған ұрлық") сотталып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған "Рақымшылық туралы заңға" сәйкес, шартты түрде 1 жыл 9 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.