01 қараша 2016 | 14:45

Астанада ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков елордалық ломбардқа қарақшылық шабуыл жасау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Иконка комментария блок соц сети

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков елордалық ломбардқа қарақшылық шабуыл жасау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот алдына 42 жастағы Лери Сванидзе келді. Ер адам Астанада ломбарда шабуыл жасады және кепілге адамдар алды деп айыпталды. 14 тамызда Сванидзе Кенесары көшесіндегі "М-Ломбард" ғимаратына келіп, қарумен қорқыту арқылы зергерлік бұйымдарды алып алмақ болған. Бұл кезде ол ломбардтың екі қызметкерін кепілде ұстаған және есігін құлыптап алған. Келіссөздер кезінде полицейлер қызметкерлердің бірін босатып алды, ал екінші қызметкерді тәртіп сақшылары бұзғаннан кейін ғана босату мүмкін болды. 

Сванидзе мүлкі тәркілене отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети